Басты тақырып

Бас жүлде – Арқада!

    23 қыркүйек күні Баянауыл төрінде, қазақтың ұлттық өнері үшін қажырлы еңбек еткен актер, музыкант, жазушы-драматург, еліміздің алғашқы режиссерлерінің бірі Жұмат Шаниннің 125 жылдық мерейтойына орай өткен аламан айтыста қарағандылық ақын Мақсат АҚАНОВ Бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, қарсыласымен сүбелі айтыс жасаған орақ тілді Дидар ҚАМИЕВ үшінші орынды еншіледі.

Жыр додасында елімізге танымал он алты ақын бағын сынапты. Облыстың мерейін асқақтатқан Мақсат Асылмұратұлы мен Дидар Қамиев Баянауыл көрермендерінің алдында өз өнерлерін лайықты көрсетіпті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындардың арасынан суырылып алға шыққан Мақсаттың тақырыпты жырлауы, табана астындағы тапқырлығы, қыз бен жігіт арасындағы айтысты өрбітуі туа біткен дарын айқын еткен көрінеді. Мұны Арқа жұртында ақындар мектебінің сабақтастығы үзілмейтінінің куәсі деп ой түйдік.

Жүлде құтты болсын!

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button