Ресми

Бас имам жазасын өтеушілермен кездесті

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  бастамасымен «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша  және ҚАЖ мекемелері мен органдарында жазаны өтеу кезеңінде және сотталған адамдар босатылғаннан кейін діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың 2024-2025 жылдарға арналған жоспары аясында Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қараған кентіндегі  №29 мемлекеттік мекемесінде бірқатар игі шаралар өтті, деп хабарлайды Ortalyq.kz Ihsan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет ihsan.kz

Соның бірі ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен шағын футбол турнирі. Бәсекеде төрт команда бақ сынап, футбол үздігін анықтады.

Сонымен қатар жазасын өтеушілерге жат ағымға қатысты ақпараттар беріліп, Отанға деген сүйіспеншілік тақырыбында насихат айтылды.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button