Жаңалықтар

Банкротыққа жалған өтініш бергендерге 700 мың теңге айыппұл салынады

3 наурызда жеке тұлғалардың банкроттық туралы өтініштерін қабылдау рәсімі басталды, деп хабарлайды ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Өтінішті eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн беруге болады.

Бір апта ішінде өтінішті 12 500 адам өтініш беріп үлгерген. Ең көп өтініш Түркістан обылысы, Алматы облысы және Алматы қаласынан келіп түскен. 

Бұл ретте, өтінішті банкротқа ұшыраған адамның өзі ғана бере алатынын атап өткен жөн. Ал жалған өтініш бергендерге 700 мың теңге айыппұл салынады.

Егер өтініш беруші атындағы мүлкін туысқандарының атына жаздырып, кірісін жасырғаны анықталса, қабылданған өтінішітің күші жойылып, айыппұл салынады, деді Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Исабек Зауытбекұлы.

Басқа материалдар

Back to top button