АймақЖаңалықтар
Балалардың өліміне кім кінәлі?
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында екі және төрт жастағы балалар өз үйінен өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың денелерінен зорлық-зомбылықтың іздері анықталып, қылмысқа қатысы бар деген күдікке балалардың анасы іліккен.

– 4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылықпен өлген 2-4 жас аралығындағы балалардың мәйіттері табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың анасы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департамент мамандары бұл іске қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалғанын айтады. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ