БалқашЖаңалықтар

Балқаштықтарға итальяндық аяқ киім бұйырады

Бір кездері қара базарды жаулап алған жасырын, көлеңкелі бизнестен шыққан шикі, сапасыз тауарлардың тынысы тарылатын түрі бар. Бүгінгі бұқара бұрынғы тоқсаныншы жылдардағы қолына іліккенін үстіне жапсырып жүре беретін жұрт емес. Қазір талғам – жоғары. Соған орай, сапа да талап етілуде. Осы орайда енді балқаштықтар Италиядан тікелей әкелінген итальяндық аяқ киімдерді тұтынбақ. Дәлірек айтқанда, Балқаш кәсіпкері Ирина Зырьянова Италияның аяқ киім шығарушы өнеркәсіптерімен келісімге келген. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қарағанды аймағының кәсіпкерлері ісін ілгерілетуде шетелдік өнім өндірушілермен байланысты нығайтуда. Балқаштық кәсіпкер 2000 жылдан бері сауда-саттық саласында жүр. Сол уақыттан бері Көкше көл аймағын итальяндық жеңіл өнеркәсіппен қамтамасыз етіп келеді. Нақтырақ айтқанда, ер адамдар және әйелдердің аяқ киімдері, бас киімдері секілді тауарларды балқаштықтар осы кәсіпкерден табатын.

Ирина ЗЫРЬЯНОВА, кәсіпкер:

«Мен Shoes from italy аяқ киім өндірушілерініңАлматыда өткен көрмесінде болдым. Ұйымдастырушы ретінде – ҚР Италиядағы Елшілігінің Сауда айырбасты дамыту жөніндегі бөлім. Бұл шараға палатаның жергілікті кеңес берушілерінің арқасында қатыстым. Мұндай шараға қатысып, жеке дара келісімге келу мүмкіндігіне қол жеткізгеніме өте қуаныштымын».

Балқаштық кәсіпкер аяқ киім жеткізуге келісім жасасқан. «Өз кезегінде, аталған бөлім Қарағанды облысы бойынша жаңа кәсіпкерлік байланыс іздестіруге ықпал еткен кеңесші-менеджер Евгений Юнге алғыс айтады» дейді палатаның баспасөз қызметі.

Қызғалдақ  АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button