АймақБас тақырыпҚарағанды

Балқаштан Алматы мен Астанаға жаңа әуе рейсі іске қосылды

2026 жылдың маусым–тамыз айлары аралығында Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейстері іске қосылады. Ұшуларды аптасына бес рет SCAT Airlines әуе компаниясы орындайды. Бұл бағытта 50 жолаушыға дейін сыятын CRJ 200 әуе кемелері пайдаланылады. Бір бағыттағы билет бағасы – 16 000 теңге.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Сонымен қатар, осы кезеңде Астана – Балқаш – Астана бағыты бойынша күн сайынғы әуе қатынасы жолға қойылады. Тасымалдаушы ретінде Qazaq Air әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Бұл бағытта 78-ден 86 жолаушыға дейін сыйымдылығы бар Bombardier Q-400 ұшақтары қолданылады. 

Аталған екі бағыт та мемлекет тарапынан субсидияланады.

Жаңа әуе рейстерін іске қосу өңірдің көлік қолжетімділігін едәуір арттырып, Балқаштың туристік әлеуетін жандандыруға серпін береді. Сонымен қатар, бұл бастама өңірге келушілер ағынын көбейтіп, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button