АймақБалқаш

Балқашта жаңа балабақша ашылады

Қаладағы бұрынғы №2 емхана ғимараты қайта қалпына келтіріліп, орнына 240 орынды балабақша ашылмақ. Қазіргі уақытта ғимаратты техникалық тексеру және қайта құру мен күрделі жөндеуге жобалық сметалық құжат дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Балқаш қаласы
Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова жұмыс сапарымен Балқаш қаласына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып қайтты. Сапар барысында білім беру мекемелеріне барып, мекемелердің жаңа оқу жылына дайындықтарын тексеріп қайтты.

Балқаш қаласы

Аймақ басшысы әуелі «Таңшолпан» балабақшасындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Биыл бұл балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 207 млн. теңге бөлінген. Бұдан бөлек, «Алпамыс» балабақшасы мен қаладағы интернаттық мекемелерді де аралап қайтты.

Бүгінде қаладағы 4 мектебі мен №15 мектеп лицейінің шатыры жаңартылды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button