АймақЖаңалықтар

Балқашта тағы бір рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталды

Балқаштық экологтар қала әкімдігімен бірлесіп тағы бір рұқсат етілмеген қоқыс полигонын анықтады.

Суреттер: экология департаментінен

Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше полигон ғарыштық мониторингтің көмегімен анықталған. Қазіргі таңда 90-шы квартал аумағында, теміржолға қарай орналасқан рұқсат етілмеген үйінділерді жою мәселесімен қала әкімдігі айналысуда.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашада Экология департаменті Балқаш қаласындағы Спицын көшесі мен 10 ықшамауданы ауданында заңсыз топырақ өндірілген карьерді анықтаған болатын.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button