Лауазымды тұлғалар жалпы сомасы 677 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті тіркеді. Қаржылық мониторинг агентігінің дерегінше, олар 2020 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейінгі аралықта қаланың жылу тораптарын жөндеуге және күтіміне арналған бюджет қаражатына қол салған. Бюджет қаражатын жеке шоттары мен жалған кәсіпорындардың шоттарына жіберу арқылы жымқырған.
Олар аталған іс бойынша 5 жылға сотталды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz