Жаңалықтар

Балқаш көлінде екі браконьер ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері Балқаш көлінде рейдтік іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

20 қаңтарда табиғатты қорғау полициясы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен, Қарағанды облысы ПД, Балқаш қаласы ПБ арнайы қызметтерінің жауынгерлерімен және Балқаш балық инспекциясының мамандарымен бірлесіп, көл жағасында екі балықшыны ұстады. Балықшылардың әрқайсысының сөмкелерінде тыйым салынған балық аулау құралдары болған.

Жамбыл облысының 34 жастағы тұрғынынан 57 келіге жуық түрлі балық және 300 метр тыйым салынған балық аулау торы, 31 жастағы жергілікті тұрғыннан 78 келіден астам балық және 200 метр тор тәркіленді. Жануарлар әлеміне келтірілген залал сомасы 739 мың теңгені құрады. Заңсыз балық аулау фактілері бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа материалдар

Back to top button