Қарқаралы

«Бай болсаң, елге пайдаң тисін…»

Қалталы азаматтар халқы қиындыққа тап болғанда қарап қалмаса керек-ті. Бұл бабаларымыздың өнегелі өмірінен қалған рухани мұра. Осы асыл қасиетті жандарына серік еткен жомарт жүректі қарқаралылық кәсіпкерлер, өздері туып-өскен өңірдің ауруханаларына 9 дана оттегі концраторын сыйлады.

Демеушілік еткен ел жанашырлары Қарағанды қаласындағы «Тазалық Эксперт» ЖШС басшылары Нұрлан Мусипов пен Ермұрат Зейнешев 8 дана оттегі концентраторын өз қаражаттарына сатып алып, Қарқаралы ауданы мен Егіндібұлақ селосынадағы ауруханардың медицина қызметкерлеріне жеткізіп берді.

Сонымен қоса, қарқаралықтарға ыстық ықыласын жеткізіп, оттегі аппаратының науқастардың емделіп шығуына септігін тигізуіне тілектестігін білдірді. 
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары мен медицина қызметкерлері ел азаматтарының игілікті істеріне риза екендіктерін айтып, шексіз алғыстарын жаудырды.

Бұған дейін, «TemirZat» ЖШС басшысы, осы өңірдің тумасы Айдын Мезгілбаев орталық аудандық ауруханаға 1 дана оттегі концентратын сыйға тартқан болатын.
Осылайша, «елім» деп туған мәрт азаматтардың арқасында, бүгінгі күні аудан ауруханаларында науқастарды емдеуге арналған 9 оттегі концентраторлары пайдаланылуда.

Індетке шалдыққан аудан тұрғандарын емдеп, аяққа тұрғызуға су жаңа «Armed» 7F-5L маркалы құрылғылардың дер кезінде жеткізілгеніне жұртшылық өте қуанышты. Ауадай қажет шақта қол жеткізілген аппараттар олардың қалыпты өмірге оралуына септігін тигізбек.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button