Бақтиёр Зайнутдинов ауыр жарақат алды
«Бешикташ» қазақстандық футболшы Бақтиёр Зайнутдиновтың «Ыстанбұл Башакшехирге» қарсы ойын кезінде жарақат алуына байланысты мәлімдеме жасап, қазіргі жағдайы туралы айтты.
Қазақстан футбол федерациясы Зайнутдиновтың жарақаты және оның ұлттық құрама матчтарына қатысуы туралы мәлімдеме жасады.
– Матчтың 37-ші минутында беті мен мұрнынан соққы алып, ойынды жалғастыра алмаған Бақтиёр Зайнутдиновтың мұрын сүйегі сынғаны белгілі болды. Футболшының мұрнына ота жасалды, – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.
Бақтиёр Зайнутдиновтың алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз. Ол Қазақстан құрамасына 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің Сан-Марино және Словения құрамаларына қарсы шешуші матчтарында қатыспауы мүмкін.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz