Ресми

Бағдар – өмір сапасын арттыру

Өткен жылы Қарағанды облысы экономика басқармасының қызметі стратегиялық құжаттарда, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдау ларында және Елбасының тапсырмаларында, «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасы бағыттарында, мемле- кеттік бағдарламаларда белгіленген міндеттерді шешуге, сондай­ақ 2025 жылға дейінгі өзекті Стратегиялық карта жобасында негізгі ұлттық индикаторларға қол жеткізуге бағытталған. Негізгі басым құжаттарда белгіленген міндеттерді іске асыру негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің оң өсу қарқынын қамтамасыз етті.

Облыс дамуының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 107,5% құрады. 2019 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгені құрады, облыс экономикасының 6%­ға өсуі қамтамасыз етілді.

Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,6 млн. теңгені құрады.

Экономиканың барлық базалық салаларында оң серпін қамтамасыз етілді. 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,2%­ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 2,3%­ға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 94,3%­ға, сауда қызметтері – 13,6%­ға, көлік қыз меттері – 2,9%­ға өсті. Өткен жылға қарағанда 1% өсіммен 421 мың м2 астам тұрғын үй енгізілді.

Негізгі капиталға 59,1%­ға ұлғаюмен 800,4 млрд. теңге инвестицияланды.

Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің оң динмикасы қамтамасыз етілді. Орташа айлық жалақы 18,2%­ға өсіп, 172 мың 884 теңгені құрады.

2019 жыл ішінде еңбек нарығының көрсеткіштері тұрақты, жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады. Инфляция деңгейі 105,6% құрады.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында айқындалған әлеуметтік­экономикалық саясаттың міндеттері мен басымдықтарын ескере отырып, облыстың 20192023 жылдарға арналған әлеуметтік­экономикалық даму болжамы әзірленді және бекітілді, облыстың 2016­2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын өзектендіру жүргізілді, олар арқылы қойылған мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізуге барлық мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру қамтамасыз етіледі.

Елдің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, елдің 2019­2023 жылдарға арналған әлеуметтік­экономикалық даму болжамы негізгі ұлттық индикаторлардың Стратегиялық картасы облыстың 2016­2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер енгізу үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылғы 18 қазанда берген хаттамалық тапсырманы орындау үшін облысты, қалалар мен аудандарды дамытудың 2021­2025 жылдарға арналған бағдарламаларын жаңа форматта әзірлеу жұмысы басталды.

Бағдарламаға проблемалық мәселелерді шешу мақсатында өңірлер үшін айрықша индикаторлар, сондай­ақ ерекшеліктерді ескере отырып, өңірдің экономикалық дамуына ықпал ететін индикаторлар енгізілетін болады.

Облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар, депутаттар, ғылым және бизнес­қоғамдастықтар өкілдері, сондай­ақ «Nur Otan» партиясы мүшелерінің қатысуымен АДЖ сапалы, оның ішінде ерекше индикаторларды пысықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ж.Дүйсебаевтың төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Әзірленген бағдарламалар «Nur Otan» партиясының сайлауалды тұғырнамасының негізі болады.

Премьер­Министр мен облыс әкімі арасындағы меморандумға енгізілген мақсатты индикаторлардың іске асырылуына мониторинг және жоспарлы мәндерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде Қарағанды қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы әзірленді және бекітілді. Стратегия халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға: креативті экономика, адами капиталды дамыту, таза ауа, «Smart­city/ Ақылды қала» және ұзақмерзімді болашаққа арналған қаланы дамытудың 5 басым бағытын айқындайды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Бағдарламаның 5 бағыты бойынша 2019 жылы бағдарлама аясында 12,2 млрд. теңгеге 180 жоба іске асырылды.

Жезқазған, Теміртау моноқалаларында, Шахтинск қаласы мен Шахан кентінде жалпы сомасы 983,1 млн. теңгеге 3 жоба іске асырылды.

«Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 228 маманы 790,4 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алды, 481 маман 95 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы алды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.На зарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру басталды. Аталған арнайы жобаға пилоттық режимде 25 мыңнан астам адам тұратын 3 аудан орталығы кірді. Олар Жаңаарқа ауданының Атасу кенті, Нұра ауданының Нұра ауылы және Ұлытау ауданының Ұлытау ауылы. Осы аудан орталықтарында 1,3 млрд. теңгеге 26 жоба іске асырылды. Атасу кентінде – 502 млн. теңге – 10 жоба, Нұра кентінде – 406 млн. теңгеге 6 жоба, Ұлытау ауылында – 438 млн. теңгеге 10 жоба.

Жергілікті өзін­өзі басқаруға қаржылық қолдау көрсету шеңберінде 95 АЕМ­де 103 жобаны іске асыруға 226,5 млн. теңге бөлінді. Бұл – 10 мектеп, 5,3 шақырым кентішілік жолдарды жөндеу және 60 көшені жарықтандыру.

Сонымен қатар, жалпы облыс бойынша салынып, жаңғыртылды:

– қалаларда 66,5 шақырым су құбыры және кәріз желілері, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 97% құ рады (1 059 491 адам);

– ауылдарда 228,5 шақырым су құбыры және кәріз желілері, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу 87% (259 679 адам) құрады.

АЕМ саны бойынша қолжетімділік 57,2% құрады (421 АЕМ­нің 241­сі).

2020 жылы Өңірлерді дамытудың 20202025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы шеңберінде іс­шараларды іске асыруға 24,9 млрд. теңге бөлінді.

«Екінші деңгейдегі қалаларды дамыту» бағыты бойынша «Солнечная көшесінен «Западная» сорғы станциясына дейінгі суағарды қайта жаңарту» жобасын іске асыру үшін 500 млн. теңге бөлінеді. Бұл халықтың сапалы сумен қамтамасыз етілу үлесін 120 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Моно және шағын қалаларды дамыту мақсатында Жезқазған, Теміртау, Сәтбаев қалаларында және Шахтинск қаласының Шахан кентінде 2 642,4 мың теңге сомасына 4 жоба іске асырылады. Осы жобаларды іске асыру Жезқазған қаласы мен Шахан кентінде 72 мың адамды сапалы жылумен қамтамасыз етуге, Теміртау қаласында тәулігіне 10 000 м3 дейін тазартылатын ағын дардың қуатын ұлғайтуға, сондай­ақ 69 мың адамды жерүсті су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауылдық елдімекендерде «Дипломмен – ауылға!» жобасын іске асыру жалғасады. Осы бағыт шеңберінде әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен саласының 255 (+46) маманы үшін 1 млрд. теңгеге (2019 жылмен салыстырғанда 222,4 млн. теңгеге өсіммен) бюджеттік несиелер беру жоспарланған.

«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 46 жоба бойынша шығындар қалыптасты. Жеті ауданда – 4 956,4 млн. теңге. Арнайы жобаны іске асыру 2026 жылға дейін жалғасады.

Ауылдық елдімекендер өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізіледі. Бұдан басқа, ағымдағы жылы сумен жабдықтау жағдайларын жақсарту және қалаларда қамтамасыз етудің қолжетімділігін 98%­ға дейін (өсім +1%, 1 070 413 адам), ауылдық елді мекендерде 88%­ға дейін (өсім +1%, 255 375 адам) ұлғайту, сумен жабдықтау желілерінің тозуын 66%­ға дейін (2019 жылы – 67%) және су бұру желілерінің тозуын 77%­ға дейін (2019 жылы – 78%) төмендету бойынша жобаларды іске асыруға 15,5 млрд. теңге көзделген.

Экономика басқармасы облыстық басқармалармен бірлесе отырып, Жезқазған өңірін дамытудың Кешенді жоспарын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік­экономикалық дамытудың 20192022 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспар 79,7 млрд. теңге сомасына 52 іс­шараны қамтиды.

Мемлекеттік­жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, жобаларды іске асыру белсенді жалғасуда. 2019 жылы жалпы құны 11,6 млрд. теңге болатын 42 шарт жасалды. Бұл барлық деңгейдегі бюджеттердің күрделі шығындарын айтарлықтай «жеңілдетуге» және 5,3 млрд. теңге мөлшерінде жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді. 1 147 жаңа жұмыс орны ашылды.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттікжекеменшік әріптестік қарқын алуда. Жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгеге 32 шарт жасалды. Мамандандыруды тереңдету нәтижесінде де, ауруханаларды, емханаларды қазіргі заманғы медициналық аппаратурамен және жабдықтармен жақсы қамтамасыз ету есебінен де көрсетілетін медициналық қызметтердің де сапасы жақсарды.

Жоғары білікті дәрігерлер корпусы құрылды (700­ден астам жаңа жұмыс орны).

2019 жылы Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығы, Қарағанды қаласында оңалту орталығы, Пришахтинск және Октябрь ауданында емханалар (2), Қарағанды қаласында позитронды­эмиссиялық томография және маммология орталықтары, Жезқазған қаласында медициналық зертхана ашылды, сондай­ақ сандық денсаулық сақтауды енгізу жобасы іске асырылуда.

2019 жылдың наурыз айында Қарағанды облысында жалпы сомасы 115 млн. теңгеге «Қарағанды қаласының халқын мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту бойынша қызмет көрсет» мемлекеттік­жекеменшік әріптестік жобасы енгізілді.

Салалық мемлекеттік органдар және қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ұсыныстары негізінде ай сайын іске асыруға ұсынылатын мемлекеттік­жекеменшік әріптестік жобаларының пулы қалып тастырылады. Ол бүгінгі күні 9 сала мен бағыт бойынша 49 жобаны құрайды. Оның ішінде жақын болашақта 26 млрд. теңге сомасына 19 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Үкіметтің 30.12.2015 жылғы №1141 қаулысымен бекітілген Жекешелендірудің 20162020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын Қарағанды облысының 34 ұйымы толық көлемде орындады.

Жалпы, 2020 жылы Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік­эко номикалық саясатының бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Негізгі бағыттар ретінде:

– өңірлер мен салалар бөлінісінде индикаторлар көрсеткіштерінің декомпозициясымен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және өзектендіру;

– бағдарламалық құжаттарда анықталған облыс қабылдаған міндеттемелердің мониторингі қарастырылады.

2020 жылы өнеркәсіп көлемінің 5,8%­ға, ауыл шаруашылығының 4%­ға, құрылыстың 7%­ға, көлік қызметтерінің 5%­ға, сауданың 2,8%­ға ұлғаюы есебінен 2019 жылы қол жеткізілген деңгейге қарағанда облыс экономикасының кемінде 5,3%­ға өсуін қамтамасыз ету жоспарлануда:

– мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуын талдауды жалғастыру;

– мемлекеттік­жекеменшік әріптестікті дамыту, сондай­ақ басқармалардың жетекшілік ететін бағыттары бойынша өңірлердің бастамаларын қолдау.

Қойылған міндеттерді орындау жұмыстары үздіксіз жалғастырылатын болады.

Азамат МҰҚАНОВ,

Қарағанды облысының экономика басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button