Поэзия

Бұлт кетіп…

Алабұлт,

кете алмай жүр тауды айналып,

Қалғандай қоюланып,

тас байланып.

Неше күн сіркіреді толасы жоқ,

Белгісіз енді қашан тоқтары анық?

Жаңбырмен салқындығы

қабаттасып,

Көтертпей көңіл-күйді

қалды басып.

Нөсердің мол суынан пайда болды,

Көл толып, тау сулары

өзен тасып.

Жемістер бүршік атып,

гүлдеген кез,

Қыста асып, мезгілінен

кетпеді тез.

Әйтеуір мамыр айы бір салқындар,

Көктемгі үсік, құралай

төлдеген кез.

Тоқтады бүгін жаңбыр далаға шық,

Шөптегі сәл аздан соң кетеді шық!

Түс ауа кеңістікте қалыптасар,

Бұлт кетіп, шуақты күн

аспан ашық!

Нәби БАЙТЕКОВ.

Алматы қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button