Жаңалықтар

Бүкіләлемдік халықаралық аударыспақ Федерациясы құрылды

Қазақстанда Бүкіләлемдік халықаралық аударыспақ федерациясы құрылды. Оның құрамына Қазақстанмен қатар, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Венгрия, Түркия, Моңғолия және Өзбекстан мемлекеттері кірген.
Аталған мемлекеттер арнайы өкілдері бірқатар құрылтай құжаттары мен жиналыс хаттамаларына қол қойды. Федерация құрамыне енген елдер осы бірегей ат спорты ойынын, сондай-ақ, әлемдегі басқа дәстүрлі ат спорттарын танымал ету, дамыту және тану үшін бірігіп, оны Азия ойындары бағдарламасына, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді. Федерация президенті болып Марат Жұман сайланды.
– Біз «Әдістеме» әзірледік. Енді, бұл ойынды жастар арасында танымал етеміз. Кездесу барысында біз бірыңғай стандарттар мен ережелерді бекіттік. Олардың негізі аударыспақтың қазақша нұсқасы болды. Сондай-ақ, спортшылардың салмақ дәрежелері анықталып, алдағы жарыстардың кестесі қабылданды, – деп атап өтті Марат Жұман.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button