Жаңалықтар

Бүгінгі таңдау – келешекке кепіл

Айтыс ақыны Айтбай Жұмағұлов та өз таңдауын жасады. Ол референдум төңірегінде өрілген ой толғамымен бөлісті.

Сурет автордан

– Бүгінгі референдум – жай ғана таңдау емес, бұл – келешегімізге кепіл, болашағымызға – бағдар болатын белес. Ұлттың ұлы көшін айқындап, мемлекеттігіміздің іргетасын нығайта түсетін сәулелі сәт. Менің пайымымша, бүгінгі таңдау – әрбір қазақстандықтың жарқын келешегіне деген мызғымас кепілі әрі өркениетті елдердің қатарына қосылудағы басты бағдарымыз болмақ. Осы бір маңызды мезетте өз дауысымды беру арқылы мен елімнің ертеңіне, ұрпағымның бақытты өміріне деген зор сенімімді білдірдім. Ақын ретінде айтар болсам, Ата Заңға енгізілген әрбір өзгеріс – әділдік пен теңдіктің жырындай халықтың көкейінен шығуы тиіс. Тарихтың таразысына түскен бұл реформалар – егемендігіміздің еңсесін тіктеп, құқықтық қоғам құру жолындағы батыл қадам болмақ. Ортақ мүддеге біріккен халықтың алмайтын қамалы жоқ, ендеше бүгінгі қадамымыз баянды, таңдауымыз жұғымды болсын! – деді Айтбай Жұмағұлов.

Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button