Бүгін – Әкелер күні
Қазақстанда Әкелер күні аталып өтуде. Еліміз бұл күнді биыл екінші рет атап өтіп жатыр.
Былтыр 2 маусымда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толыққан еді. «Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы» қаулыға толықтыру енгізіліп, құжатқа Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтетін болды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы енгізілген бұл мереке елімізде отбасы құндылықтарын насихаттап, әкелер институтын нығайтуда маңызды қадам болды.
Жалпы, «Аналар күні» мен «Әкелер күнін» мерекелеу әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту мақсатында қалыптасқан.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА