Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.

Дінмұхамед Ахметұлы туралы қызықты деректер:

Дінмұхамед Қонаев – КСРО-да ең үлкен саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ;

Ол КСРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған;

Отбасында 11 баланың 4-іншісі;

Бойы – 198 см, аяқ киімінің өлшемі 46 болған;

Хоббиі: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан;

Қонаевтың жеке көлік жүргізушісі де, күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде, Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Қонаевтың таңертең Үкімет үйіндегі жұмысына жаяу аяңдап бара жатқанын халық жиі көрген;

Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан. Бұл қаражат балалар мен жас ғалымдарға көмек ретінде аударылып отырған;

Ауданы 200 шаршы метр болатын шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген. Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаевтың үйіне қонаққа келеді. Пәтерін аралап жүріп: «Бар дүниең осы ма?»,- деп таңданады;

Музыканы ерекше жақсы көрген, үйінде музыка қосылып тұрғанын қалаған. Лондонға барған сапарында Майкл Джексонның, BeeGees тобының пластинкаларын сатып алған;

Д.А.Қонаевтың құрметіне Алматыдағы Карл Маркс көшесінің атауы өзгертілген. Көше бойындағы фонтаны бар сквер жанында қола кеуде мүсіні қойылған. Астанада да Д.Қонаев атында көше бар; 

ortalyq.kz