Бас тақырып

Бүгін аймақта екпіні 15-20 м/с жел тұрады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады. Мәліметтерге сүйенсек, «Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады» делінген хабарламада, деп хабарлайды Ortalyq.kz kazhydromet.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет egemen.kz

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астанада кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button