Жаңалықтар

Бүгін 4%-дық автонесиеге өтініш беру басталады

Бүгіннен бастап жеңілдетілген несие бойынша көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Өтінім беру үшін ЭЦҚ талап етіледі. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге болады.

Сурет: zhaikpress.kz

Жеңілдетілген автонесие шарттары:

–  бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;

–   қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;

–   қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

–  бастапқы жарна – 0 пайыз.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс.

Жалпы, автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек.

Қазақстандықтардың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін.

Біріншіден,осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды.

Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды.

Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды.

Өтінімді тексеруге тиісті уақыт керек болады. Осыдан кейін сайттағы «жеке кабинетте» өтінім мақұлданып, бағдарламаға қатысатындар пулына адамның қосылғаны туралы хабарлама келеді.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button