Бұқар жырау
Бөгет тұрғызылуда
Ауданда көктемдегі су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Садовое ауылының маңында топырақтан бөгет тұрғызылуда.
Бұл жұмысқа 7 млн. теңге бөлінді. Байқау арқылы «РМС Строй» мердігерлік ұйымы жеңіске жетіп, бүгінде жұмысқа кірісіп кетті. Жоспарға сәйкес, бөгеттің биіктігі – 1,5-2 метр, ал, ұзындығы – 2,3 шақырым болады.
Сонымен қатар, ұзындығы бір шақырымдық тор жәшік орнату жоспарлануда.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.
Бұқар жырау ауданы.