Руханият

Бұқар жыраудың мәмілегерлігі

Бұқар жырау Қалқаманұлы – көптеген тарихи оқиғаның тікелей куәгері. Тәуке хан тұсындағы белді билердің бірі де, бірегейі. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезінде қазақ халқымен бірге жаумен күрескен. Абылай хан тұсында мемлекет мәселелеріне атап айтарлықтай белсенді араласқан. Ханның бас ақылшысы, қабырғалы биі ретінде, ел тіршілігіндегі түйткілдердің оң шешілуіне өлшеусіз үлесін қосқан тұлға.

Бұқар жырау арабшаны өте жақсы меңгеріп, жан-жақты білімдар болған. Оның жырларының 1200 жолы ғана біздің заманымызға жеткен. Олар XIX-XX ғасырларда ел аузынан алынған. Оның шығармашылығынан, идеялық қайшылықтарынан сол кездегі қилы заманның қиындықтары айқын аңғарылады. Заманның аумалы-төкпелі болып келуін жырау «заңды құбылыс» деп санайды. «Жалған дүниеде мәңгі ештеңе жоқ, адамзаттың тұрмысы ғана емес, табиғат құбылыстары да өзгеріске ұшырайды» деп түйіндейді. Қазақтың үш жүзінің басы қосылып, бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет болуын ақ арманның қанатына іледі. Сондықтан, Абылайды «осы арманды жүзеге асырушы» деп ойлап, оны ісімен де, өнегесімен де, ағыл-тегіл жырымен де қолдайды. Хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында тыңғылықты күреседі. Бұқар жырау патша үкіметінің басты мақсаты – отарлау екенін ханға да, халыққа ұғындырады. Шығармаларында заманның көкейкесті мәселелерін сөз еткен ол – ел-жұртты пәтуалыққа, татулыққа, қаһармандыққа шақырған. Абылайдың хандық әттегенайларын да бетіне айтып, үгіт-насихат, ғақлия текті философия-афористік толғаулар жариялаушы.

Жаугершілік заманда сергелдеңге түскен әз Тәуке хан ордасымен Түркістаннан әрі Бұқара-Шәріпке қоныс аударды. Осы жерлерді қазақ ертеден өз жерім деп иеленіп, еркелетіп Жиделі Байсыным дейтін. Осы жерге келіп, ел есін жинаған уақытта әз Тәуке хан ерекше жарлық қылып, қалмақ қонтәжісі Қалдан Бесоқтыға елшілік дайындауға кіріседі…

 

Материалдың толық нұсқасын газеттің 13.04.2023 №41 (23 217) санынан оқи аласыздар. 

Мақсұтхан АҚЫШТЕГІ,

ардагер ұстаз, өлкетанушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button