АймақБұқар жырау
Бұқар жырау ауданында жоғалып кеткен баланы 400 адам іздеді
Бұқар жырау ауданында бес жасар бала төрт сағаттан кейін табылды.

Оқиға кеше, 3 қазан күні Петровка ауылында, кешкі сағат 20:00-де болған. Анасының айтуынша, бала аулада ойнап жүріп кенеттен жоғалып кеткен.
Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері, еріктілер, жергілікті тұрғындар, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері мен кинологтар тартылды. Жалпы 400-ден астам адам қатысты.
– Іздеу жұмыстары төрт сағаттан астам уақытқа созылды. Түн ортасында баланы Петровка ауылынан бір шақырымнан астам жерден тапқан. Бала аман-есен, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz