Жаңалықтар

Бұқар жырау ауданында ер адам ауыл тұрғынының көлігіне оқ жаудырды

Бұқар жырау ауданының кенттерінің бірінде атыс болды. 33 жастағы ер адам жанжалдан соң 30 жастағы танысының көлігін бірнеше рет атқан. Бұл кезде көлік иесі көлік салонында болғаны белгілі болды. Абырой болғанда зардап шекпеген.

 

Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұстады. Ол  қақтығыс барысында аңшылық мылтықтың кесіндісінен үш рет оқ атқанын айтып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Бұл факт ҚР ҚК 24-99-бабы «Кісі өлтіруге оқталу» бойынша Бұқар жырау ауданының ІІБ-де тіркелген,-дейді Қарағанды облысының полиция департаменті.

Қару тәркіленіп, күдікті қамауға алынды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button