Бас тақырып
Азия ойындары: жерлесіміз жеңіс тұғырында
Қарағандылық биатлоншы Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте үздік атанып, алтын медаль жеңіп алды.
![](http://ortalyq.kz/wp-content/uploads/2025/02/bef3ea65-e459-48fb-aa57-0b8ae05a2e6b-1024x684.jpg)
Бұл Қазақстан делегациясының қоржынына түскен үшінші алтын медаль. Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті.
Сонымен қатар, Отандасымыз Вадим Куралес мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдеге ие болды. Айта кетейік, ол биылғы маусымда ғана негізгі құрамда өнер көрсете бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындары өтуде. Жарыс 14 ақпанға дейін жалғасады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz