Спорт

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы алғашқы ондыққа енді

Қазақстан Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында медаль саны жағынан алғашқы ондыққа енді.

 

Қазақстандық каратэші Қайсар Алпысбай ел қоржынына тоғызыншы алтын медальді салғаннан кейін Қазақстан құрамасы жүлделер кестесінде 11-орыннан 10-орынға көтерілді.

Қазір құрама еншісінде 9 алтын, 16 күміс және 41 қола медаль бар. Көш басында 345 медальмен (183 алтын, 103 күміс, 59 қола) Қытай спортшылары тұр. Одан кейінгі орында – Жапония құрамасы. Медаль жиынтығы – 159 (44 алтын, 55 күміс, 60 қола). Үздік үштікті Оңтүстік Корея құрамасы түйіндеп тұр. Оларда – 165 медаль (36 алтын, 47 күміс, 89 қола).

Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындары 8 қазанда аяқталады.

Ербол ЕРБОЛАТ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button