Жаңалықтар

Азаттық – ата-баба арманы мен ұрпақ байлығы

Тәуелсіздік! Бұл сөз – рухты, киелі hәм қасиетті. Бұрынғы ата-бабалардың аманатын арқалаған  толқынды ұрпақтың азаттық жолындағы күрескерлік кезеңдерінің жеңісі мен жемісі.

Отыз төрт жыл болған осынау толағай қуаныштың талай ұрпаққа шапағаты тигенін көзбен көрдік. Келешекте де көмегі боларын сеземіз. Азат елдің аспаны ашық, күні жарқын болғаны жақсы. Бейбіт мемлекеттің басына бұлт үйірілмесе екен деп тілейміз. «Көптің тілегі – көл» – деген осы шығар. Ғасырлар бойғы бабалар арманы орындалды. Төбемізде Көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалуда! Еркіміз де бар, ертеңіміз де бар деп нық сеніммен айтайық.

        Жаңа Қазақстан, жаңарған қоғам ендігі жерде әділеттің әдемі туын тік көтеріп, әлем елдерімен бәсекеге түсіп, керегесін кеңітіп, терезесін теңестіреді деп сену керек. Саяси тұрақтылықсалтанат құрып, ел экономикасы енді көтеріледі деуге де негіз бар. Өйткені, халық өткеннен сабақ алып, саясатта болсын, экономикада болсын, тіпті әлеуметтік салалардың өзінде біршама тәжірибе жинақтады. Бұрынғы кеткен қателіктерді, көптеген кемшіліктерді жоюға, түзетуге билік те, халық та жұмыла кіріскен секілді.

        Осындай үкілі үміттің жетегінде болған 2025жыл да аяқталуға жақын қалды. Тәуелсіздік тойы, әрі қарай жаңа Қазақстанның жаңа жылы келе жатыр. Осынау орайы келген қуанышты күндерде қазақ еліне амандық-бақыт, толайым табыстар тілей отырып, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтарымыз ұлттық құндылықтарымызды қызғыштай қорып, бабалар аманатына адал болса екен деп тілеймін!                                                                                                                               

Әлімжан ҚҰТЖАНҰЛЫ,

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық

зерттеу университетінің аға оқытушысы

Басқа материалдар

Back to top button