Жаңалықтар

Азаматтық болмысы бөлек еді…

Сурет марқұмның жеке мұрағатынан

Қарағанды қаласының мәдени және қоғамдық өміріне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға, театр және кино өнерінің майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Қайрат Кемалұлы ­Кемаловтың өмірден озуына байланысты қайғырып, жақындары мен туған-туыстарына, замандастарына және барша өнер қауымына Қарағанды қаласы әкімдігі атынан көңіл айтамыз.
Қайрат Кемалұлы – саналы ғұмырын ұлттық мәдениеттің дамуына арнаған, өз ісіне адал, дарынды актер ретінде ел есінде қалды. Оның театр сахнасындағы және кино саласындағы рөлдері – кәсіби шеберлік пен көркемдік тереңдіктің үлгісі.

Ол «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясында сомдаған Керей ханның бейнесі арқылы көрерменге тек актерлік талантын ғана емес, ұлт тарихына деген құрметін де көрсете білді. Бұл рөлі оны бүкіл халыққа кеңінен танытты.

Қайрат Кемалұлы тек сахнадағы өнерімен ғана емес, азаматтық болмысымен де көпке үлгі болды. Қарағанды қаласының Құрметті азаматы ретінде туған жерінің рухани дамуына сүбелі үлес қосты, жас ұрпаққа үлгі көрсетті.

Марқұмның жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

М.Кожухов,
Қарағанды қаласының әкімі

Басқа материалдар

Back to top button