ҚАЗАҚТАР ДА ДОП ОЙНАҒАН

Газетіміздің өткен сандарының бірінде түріктердің доп тепкені жө­нінде айтылған еді. Айтарымыз – қа­зақтар да доп ойнаған.

«Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, Бәрінен де қой жайып, қозы өсірген озар» дейді халқымыз. Бұ­рын­да кейінгі үш жолын «көтен жеген озар» деуші еді.

Бұған қарап бабаларымыздың әу­лиелігіне ден қоясың.

Бұл добымыз қай доп? Қазіргі доп­пен қандай қатынасы бар?

Ешқандай. Доп/топ, дөп/төп/е сөздерінің түбі бір, дөңгелек деген ұғымды береді.

Қазақтар доп теппесе де топ ойнаған. Топ деп сиырдың тобарынан жасалған дөңгелекше келген жүн­ді айтады. Тобар дегеніміздің өзі сиырдың жүні. Ертеректе балалар арасында ләңгі ойыны деген болды. Шын мә­нінде ләңгі кейінде шыққан. Оның алдында топ болған. Топты аяқтың ішімен, сыртымен, өкшесімен, ба­қайы­мен ойнаған. Осы топпен ләңгі де ойнай беретін.

Өкініштісі доппен ойнағандар озғындап, топпен ойнағандар тоз­ғын­дап тұр. Керек десеңіз бүгінде топты ешкім де ойнамайды. Ал, асық ойыны көшке қайтып қосылды. Бүгінде асық бойынша ел біріншілігі өткізіледі.

Төрехан МАЙБАС,

этнограф.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.