Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі