Бас тақырып

Қазақстандықтардың орташа табысы қанша екені белгілі болды

Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылғы IV тоқсандағы медианалық жалақы 308 717 теңге болған. Ал орташа жалақы 434 982 мың теңгеге жақындаған.

Сурет kyn.kz

–  Шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, атаулы жалақының орташа мәні 434 982 теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,5%-ға, нақты мәнде – 1,8%-ға өскен, – делінген хабарламада.

Төртінші тоқсанда орташа жалақының өскені жыл соңында берілетін қосымша төлемдер және мерекелік сыйақыларға байланысты болған.

Өңірлер арасында орташа жалақы ең көп Алматы және Шымкент қалаларында – 13,6%-ға,  Қарағанды облысында – 13,2%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында – 12,9%-ға және Ақтөбе облысында – 12,6%-ға көтерілген.

Ал салалар бойынша, ең жоғарғы өсім ақпарат және байланыс – 32,8%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 22,7%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 20,3%-ға саласында байқалды.

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 7,6%-ға, білім беру саласында 5%-ға ұлғайған.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button