Коронавирус
Қазақстанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда тағы үш адамнан коронавирус анықталды. Олардың бірі – 2 жастағы қыз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлады.
“Қазақстандағы 2020 жылдың 17 наурызындағы 09.00-дегі эпидемиологиялық жағдай туралы. Алматыда тағы үш адам коронавирус инфекциясын жұқтырды”, – делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған адамдардың саны 13-ке жетті. Алматыда – 11, Нұр-Сұлтанда – 2 пациент тіркелген.