Қазақстанда Назарбаев стипендиясының атауы өзгертілді

Үкімет тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының атауын өзгертті.

Тиісті қаулы республиканың нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды.
Жарлыққа сәйкес, жаңа атау – «мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия» деп аталатын болады.

Стипендия құрметті атақтармен және мемлекеттік наградалармен марапатталған шығармашылық және мәдениет қызметкерлеріне, сондай-ақ ерекше дарынды жас шығармашылық қызметкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету үшін жыл сайын тағайындалатын болады.

ortalyq.kz