Қазақстанда ұн бағасы өсті
Еліміздің 13 өңірінде ұн бағасы айтарлықтай өсті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.
Ұн мына өңірлерде қымбаттаған: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстары.
Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте осы жылдың 9 айындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға жағдайы талқыланды.
– Жалпы, қыркүйек айының ортасында астық нарығының конъюктурасының өзгеруіне байланысты жекелеген өңірлерде бидай бағасы көтерілді. Бағаның өсуіне күн райының қолайсыздығы, отандық астық өңдеушілерге Ресейден жетізілетін астықты тасымалдауға вагондардың жетіспеушілігі себеп болған, – деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.