Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері қалды?
Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Бүгінде Қазақстанда 174 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Бір жыл бұрын 222 майдангер Жеңіс күнін тойлаған еді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Соның ішінде:
Астана – 7 адам;
Алматы қаласы – 44 адам;
Қарағанды облысы – 11 адам;
Шымкент – 2 адам;
Ақмола облысы – 6 адам;
Алматы облысы – 14 адам;
Абай ауданы – 4 адам;
Ақтөбе облысы – 1 адам;
Шығыс Қазақстан облысы – 14 адам;
Жамбыл облысы – 10 адам;
Жетісу облысы – 4 адам;
Батыс Қазақстан облысы – 13 адам;
Қостанай облысы – 16 адам;
Қызылорда облысы – 4 адам;
Маңғыстау облысы – 2 адам;
Павлодар облысы – 7 адам;
Солтүстік Қазақстан облысы – 4 адам;
Түркістан облысы – 11 адам.
Атырау және Ұлытау облыстары әкiмдiгінiң мәлiметiнше, аталған аймақтарда Ұлы Отан соғысы ардагері қалмаған.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА