Қазақстанда коммуналдық қызмет шығыны бір жылда 11%-ға өскен
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді ұстауға және жөндеуге орта есеппен 59,6 мың теңге жұмсады. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 10,8%-ке көп. Үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайтындардың қатарында Қарағанды облысының тұрғындары да бар, деп хабарлайды Ortalyq.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Әсіресе елорда тұрғындарының шығыны көп. Олар 103,7 мың теңге жұмсайды. Бұл өткен жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 6,5%-ке және ел бойынша орташа көрсеткіштен 73,8%-ке артық.
Сондай-ақ, Алматы мен Қарағанды облысының тұрғындары да үй шаруашылығына қаражатты көп жұмсайды. Ал, коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін Абай, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарының тұрғындары ақшаны ең аз жұмсайды.
Биыл мамырда үй қызметтеріне, суға, электр энергиясына, газға және басқа да отын түрлеріне баға бір айда 0,9%-ке, ал, бір жылда 17,6%-ке өскен:
– Қоқыс шығару қызметтері – 6,1%;
– Электр энергиясының құны – 1,8%;
– Тұрғын үй-жайларға қызмет көрсету және жөндеу қызметтері – 1,7%;
– Су бұру қызметтерінің құны – 0,2%-ке өсті.
Бір жылда:
– Су бұру қызметтері – 43,9%;
– Суық су – 35,9%;
– Ыстық су – 35%;
– Жылыту – 33%;
– Электр энергиясы 31,4%-ке қымбаттады.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.