Бас тақырып

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізіледі

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан мәлімдеді. Ол балалардың SIM-карталарын енгізу мәселесі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп талқыланып жатқанын атап өтті. Жаңашылдық кешенді жоспар жобасына енгізілді.

Сурет bfm.ru

– Операторлар балалардың пайдалануына арналған арнайы SIM-карталарын шығаруы керек деп есептейміз. Яғни, ата-аналар бұл сим-карталарды балаларына сатып алуға міндетті болады, – деді Еділ Оспан.

Вице-министр SIM-карталарында белгілі бір веб-сайттар мен әлеуметтік желілерге кіруді шектейтін қауіпсіздік сүзгілері бар екенін түсіндірді. Осылайша, ата-аналар баласының телефонды қалай пайдаланатынын бақылай алады, ал кірістірілген сүзгілер қажетсіз мазмұнды болдырмайды. Баланың геолокациясы мобильді қосымша арқылы қолжетімді болады.

– Қазіргі таңда Қазақстанда операторлар білім беру ресурстарына қолжетімділік аясында балаларға арнайы тарифтер ұсынады, бірақ балалардың интернеттегі қауіпсіз тәртібін бақылауды қамтамасыз етпейді, – деп атап өтті Еділ Оспан.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button