Басты тақырыпЖаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ҮНДЕУІ

 

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздердің назарларыңызға елі­міз үшін аса маңызды, тағдырлы мə­селені ұсынбақпын.

Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу.

Біздің алдымызда билік тармақ­тарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр.

Қазір заманның дидары өзгерді.

Біз де өзгеруге тиіспіз.

Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.

Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым.

Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады.

Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады.

Біріншіден, Президенттің əлеу­мет­тік-экономикалық процестерді рет­теудегі біршама өкілеттіктерін Үкі­метке жəне басқа да атқарушы орган­дарға берген жөн.

Сонда бұл салаға Үкімет, министр­ліктер жəне əкімдіктер толықтай жауап беретін болады.

Өкілеттіктерді беру тиісті заңдар­ды өзгерту арқылы іске асады.

Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі сес­сияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс.

Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қа­рым-қатынасты конституциялық дең­гейде теңгерімді ету.

Осы реформаның аясында Үкі­метті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз.

Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға тү­бе­гейлі ықпал ететін болады.

Бұл Министрлер кабинетінің өкі­летті билік алдындағы жауапкер­ші­лігін арттырады.

Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақы­лауын күшейтеді.

Айтылған екі бағыттың қай-қай­сысы да жауапкершілік пен кəсіби­лікті арттыру арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді.

Жұмыс тобы барлық сұрақтарды жан-жақты зерттеп, қоғамдық тал­­қы­лауға шығару үшін ұсыныстар жи­ын­тығын əзірлеуі қажет.

Құрметті қазақстандықтар!

Мен сіздерге еліміз үшін қағидатты мəселе бойынша қайырылып отырмын.

Бұл – мемлекеттік билік тармақ тарының арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу.

Менің өкіміммен арнайы Жұмыс тобы құрылды.

Олар жаман жұмыс істеген жоқ.

Мен топтың жұмысы туралы есеп­ті тыңдадым.

Алдағы реформа біздің дамуы­мыздың қисыны мен тұтастай қазіргі заманғы даму қисынына арқа сүйейді.

Негізгі мəні – Президент өзінің бір­қатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді.

Күшті президенттік вертикаль біз­ге мемлекет қалыптастырудағы орасан қиындықтарды еңсеру барысында қажет болды.

Бұл уақытында өзін ақтады. Біздің барлық жетістіктеріміз дəл осы жүйе кезінде жүзеге асырылды.

Бұл реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейді.

Біз жаңа мемлекет, жаңа экономика, жаңа қоғам құрдық.

Біз іргесін қалаған даму траекто­риясының дұрыстығын тарихтың өзі қуаттап отыр.

Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өткен кезде біз өзіміздің табыс­тарымыз туралы, оның ішінде билік құрылымдарының, президенттік жүй­е­нің жұмысы туралы айттық.

Алайда, əлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр.

Қоғамдық үдерістердің жылдам­дығы мен күрделілігі Қазақстанда да артып келеді.

Қазірдің өзінде біз алдағы кезең алдымызға міндетті түрде көлде­нең тартатын жаһандық жəне өңір­лік сын қатерлерге қалай қарсы тұра­тынымызды ойластыруға тиіспіз.

Ұсынылып отырған реформаның мəні билік өкілеттіктерін сарабдал­дықпен қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені демократияландыруда жатыр.

Президент үшін жаңа жағдай­лар­да стратегиялық функциялар, жоғар­ғы арбитрдің биліктің тармақтары ара­сын­дағы қатынастардағы рөлі басым болады.

Мемлекет басшысы, сондай-ақ, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне күш-жі­гер жұмылдырады.

Бұл ретте Үкімет пен Парламент­тің рөлі айтарлықтай күшейеді.

Аталған жұмыс екі шешуші бағыт бойынша жүргізілетін болады.

Біріншіден, Президенттің əлеу­мет­тік-экономикалық үдерістерді рет­­­теу жөніндегі заңымен бекітілген өкі­­леттіктерінің айтарлықтай бөлігін Үкімет пен басқа да атқарушы орган­дарға беру керек.

Аталған салаға толық көлемінде Үкімет, министрліктер мен əкімдіктер жауап беруі тиіс.

Өкілеттіктерді беруді тиісті заң­дарға өзгерістер енгізу есебінен қамтамасыз етуге болады. Үкіметке немесе Парламентке беруге болатын 40 шақты өкілеттік бар.

Бұл түзетулерді қабылдау үшін Үкімет Парламентке үстіміздегі сес­сияның аяғына дейін басым ретпен енгізеді.

Екіншіден, бұдан да күрделірек міндет – билік тармақтары арасын­дағы қарым-қатынастарды конститу­ция­лық деңгейде теңгеру.

Парламенттің Үкімет жасақтау­дағы рөлін күшейту, Министрлер Ка­бинетінің депутаттар корпусы ал­дын­дағы жауапкершілігін арттыру маңызды.

Парламенттік сайлауларда же­ңіске жеткен партия Үкіметті жасақ­тауға шешуші түрде ықпал ететін болады.

Осыны басшылыққа ала отырып, Үкіметтің өкілеттігін бұрынғыдай Пре­зиденттің емес, жаңадан сайланған Мəжілістің алдында тоқтатуы заңды болмақ.

Үкімет мүшелеріне Парламент па­латалары тарапынан сенімсіздік біл­діру тəртібін оңайлату қажет.

Ол биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы тармаққа ба­­­қылау жасауын күшейтпек. Үкі­мет­ке, ол сол үшін толық жауапкер­шілікте болатындай, мемлекеттік бағ­­­дарламаларды бекітуді тапсыру оры­нды болмақ.

Үкіметтің өзіне оның құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган­дар­ды құру мен тарату құқығын беруге болады.

Президент Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінің іс-əрекетінің күшін жою болмаса тоқтату құқығынан бас тарта алады.

Мұның бəрі атқарушы мемлекеттік органдар мен оның басшыларының жауапкершілігін арттырып, қажетті өкі­леттіктер береді.

Заң күші бар Президент жарлық­тарын қабылдау мүмкіндігі туралы норма көкейкестілігін жойды.

Жергілікті атқарушы билікке қа­ра­с­­ты Парламенттің рөлін күшейту ұсынылады.

Оның сыртында Конституциялық Кеңестің, сот жүйесі мен прокура­тураның қызметін жетілдіру туралы мəселені қарастыру талап етіледі.

Сонымен бірге, бізге өз консти­туциялық құрылысымыздың бұлжы­мастығына сөзсіз кепілдік қажет.

Жұмыс тобы одан əрі де жұмыс істей беретін болады, олардың осы мəселелерді жан-жақты зерттеп жəне одан арғы қоғамдық талқылау үшін ұсыныстар пакетін дайындауы қажет.

Ұсынылып отырған бағдарлама үш міндетті шешуге жағдай жасайтын болады.

Біріншіден, көптеген жылдар­ға күні бұрын саяси жүйе тұрақтылы­ғының қорын жасау.

Екіншіден, Үкімет пен Парла­мент­тің рөлін арттыру қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап қайтарудың неғұр лым тиімді механизмін бермек.

Иə, бұл басқарудың неғұрлым күр­делі жүйесі, бірақ қоғам да неғұр­лым күрделі бола түсті.

Мен Президент ие өкілеттіктердің айтарлықтай бөлігін беруге саналы түрде барып отырмын.

Мен мұны жалғыз ғана мақсатпен – елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын.

Үшіншіден, əлемде мемлекеттік құрылыстың əмбебап моделі жоқ. Бəрі де ізденіс үстінде.

Халықаралық тəжірибе шеңбе­рінде іс-қимылдар жасайтын мəсе­лелер бола тұрса да, біз өзіміздің, кейде ерекше шешімдерімізді таба отырып, мемлекеттік құрылыстың бөг­де модельдерін көшіріп алумен еш­қашан айналысқан емеспіз.

Біз ұсынып отырған реформа ең алдымен өз тəжірибемізге жəне Қазақстанның өзінің қажеттіліктеріне арқа сүйейді.

Реформалар бағдарламасы – ол Қазақстан қай бағытта жүреді деген сауалға біздің жауабымыз.

Жауап айқын жəне дəйекті – демократиялық даму жағына қарай.

Ұсынылып отырған шаралардың маңыздылығын ескере отырып, мен жарияланатын конституциялық реформалардың жобасын жалпыха­лықтық талқылауға ұсыну жөнінде шешім қабылдадым.

Тиісті Жарлық шықты.

Мұның бəрі елдің болашақ дамуына жауап береді жəне бес институттық реформаға сəйкес келеді.

«Ашық Үкімет» атты бесінші пункт дəл осы өкілеттіліктерді елеулі түрде қайта бөлуді қарастырған болатын. Биліктің барлық тармақтары тиімді жəне жауапкершілікті жұмыс істеуі үшін олардың арасында тиісті тепе-теңдіктер мен арасалмақтар құру ма­ңызды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button