Бас тақырып

Қазақстан Орталық Азияда әл-ауқат индексі бойынша көш бастады

Ұлыбританияның Legatum Institute сараптамалық орталығы жариялаған Prosperity Index (Әл-ауқат индексі) рейтингінде Қазақстан әлем бойынша 66-орынға тұрақтап, Орталық Азия елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Рейтингте Қырғызстан – 87-орында, Өзбекстан – 94-орында, ал Түрікменстан 150-орынға жайғасқан. Осылайша Қазақстан өңірдегі өзге мемлекеттерден айтарлықтай алға шықты.

Prosperity Index елдерді экономика, халықтың өмір сүру сапасы, азаматтардың жеке бостандықтары, денсаулық сақтау, білім беру, инвестициялық ахуал және қоғамның даму деңгейі сияқты ондаған көрсеткіш бойынша бағалайды. Рейтинг бүгінде әлемнің 167 елін қамтиды.

2011 жылдан бері Қазақстан рейтингте 17 сатыға жоғарылады. Сарапшылар соңғы онжылдықтағы ең үлкен ілгерілеу денсаулық сақтау саласында болғанын атап өтті. Сонымен қатар елдің білім беру жүйесі мен экономикалық сапа көрсеткіштері бірнеше жылдан бері Қазақстанның негізгі артықшылықтарының қатарында сақталып келеді.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button