«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы»Жаңалықтар

Қазақстан Кинологтар одағы – FCI мүшесі

Швейцарияның Женева қаласында өткен «World Dog Show 2023» Әлем чемпионатында қазақстандық қос тазы жеңімпаз атанды.

 

Қазақтың қос құмайы «Тұмар» мен «Вангелия» бұл сынға «танылмаған тұқымдар» тобында барған еді. Алайда, бағы мен бабы қатар келіп, екеуі бас жүлдеге ие болды. Биылғы жылдың басты кинологиялық жарысына әлемнің түпкір-түпкірінен 20 мыңға жуық ит қатысқан. Сайысқа түскен иттерді 150-ден астам халықаралық төреші бағалады.

Ежелден ер серігі атанған қос бірдей тұйғынның арқасында және арнайы ұйымның жақында өткен жалпы ассамблеясы барысында, Қазақстан Кинологтар одағы FCI-дің толыққанды мүшесі болды.

Бұл белес тазы мен төбеттердің кез келген халықаралық жарыстарға қатысуына жол ашты.

Айта кетерлігі, «Тұмарға» «Тазы тұқымының үздік өкілі» атағы бұйырды. Ал, «Вангелияға» «Женевадағы Әлем кубогының үздік ардагері» атанды. Расында, «Вангелия» бұған дейін біраз жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан бой көрсеткен еді.

 Қазақстан Кинологтар одағы ұлттық тазы клубының басшысы Елена Хардина жеңіске жету жолында 2006 жылдан бері дайындалғанын айтты.

– Көрмені тамашалауға келгендердің көбі жанымызға келіп, иттеріміз туралы сұрап, фотоға түсіп жатты. Тазыларға қызығушылық өте күшті болды. Мақсатым – өте мықты тазыларды шығару. Олармен барлық халықаралық көрмелерге қатысу және жеңіске жету. Сондай-ақ, қазақтың қолтума құмай тазысын әлемнің әр жерінде көрсету, таныту, – дейді ол.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button