Бас тақырып

Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Бүгін, Ұлттық статистика бюросы ел халқының саны туралы жаңартылған деректерді ұсынды.
Сурет ulysmedia.kz

Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 300 618 адамды құрады, оның ішінде:

  • қала тұрғындары – 12 795 502;
  • ауыл тұрғындары – 7 505 116.

Айта кетсек, бір айда қазақстандықтардың саны 14 534 адамға өсті.

Сондай-ақ, еліміздегі әйелдер ер адамдарға қарағанда 462 136-ға көп екенін ескерген жөн:
  • әйелдер – 10 381 377;
  • ерлер – 9 919 241.

Халық ең көп қоныстанған өңірлер әлі де Алматы және Түркістан облысы болып табылады: онда тиісінше 2 297 491 және 2 154 144 адам тұрады. Қазіргі уақытта Астанада 1 536 924 адам тұрады. Қазақстанның үшінші ірі қаласы – Шымкенттегі халық саны – 1 258 878.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button