Бас тақырып
Қазақстан халқының саны өсті
Ұлттық статистика бюросы осы жылдың 1 шілдесіндегі есеп бойынша Қазақстан халқының саны туралы жаңа мәлімет жариялады.
Қазақстан халқының саны – 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.
Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артқан. Табиғи өсім есебінен 118 579 адамға көбейсек, көші-қон есебінен 7 289 адам қосылған.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Шымкент қалаларында тіркелген. Сәйкесінше, статистика 2,93% бен 1,38% пайызды көрсеткен. Ал үшінші орындағы Алматы қаласында өсу қарқыны – 1,33%.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА