Қарағанды

Қазақшасы қайран қалдырды

    Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды эконо­микалық университетінде өзге ұлт студенттері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс өтті.

Сайыс барысында қазақстанда ұлт­тар арасында татулық пен тұтастық, ынтымақтастық пен достықтың бе­рік қамалы орнағанына, олардың мем­­ле­кеттік тілге деген құрметінің арта түскендігіне куәгер болдық. 6 кезеңнен тұратын топтық сайыста қатысушылардың қазақ тіліндегі тұ­щымды жауаптары қайран қалдырды. Топтардың таныстыруы, тапқырлығы, қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерді мү­дірмей айтуы, салиқалы сұхбат құруы қазылар алқасының көңілінен шықты. Ана тіліміздің терең иірімдеріне бойлай білген сайыскерлер Отанды сүюдің, тілді сүюдің құдіретті биік сезім екендігін жарыс кезінде жеткізе білді. Бірі: «Тіліміз – бірлігіміздің тірегі, Алаштың айбыны, ұлттық байлығы» десе, бірі: «Ана тілі – ардың өлшемі, жанның – бөлшегі» деп ой түйді. Қазылардың шешімі бойынша экономика және басқару факультетінің «Қайсар» тобы – бірінші орынды, есеп қаржы факультетінің «Жұлдыз» тобы – екінші орынды, бизнес және құқық факультетінің «Сұңқар» тобы үшінші орынды еншіледі.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button