Бас тақырып

Аяжан — Азия чемпионы

Астана қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Оған 26 елден 300-ден астам спортшы қатысып, чемпионат кубогін сарапқа салуда. Байрақты бәсекеге ел атынан 50 спортшы қатысса, оның қатарында Қарағанды облысынан жеті боксшы бақ сынады. Қыздар арасында 57 келі салмақта өнер көрсеткен Аяжан Ермек қарсыластарын шаң қаптырып, Азия чемпионы атанды.

Суреттер: Қазақстан бокс федерациясынан

Айта кетейік, чемпионат әлі жалғасуда. Әлі де ел атынан сынға түсетін споршылар кезегін күтіп тұр.

Ал, осы бәсекеде ұлттық құрама сапында өнер көрсететін қыздар үшін бұл бәсеке — тәмам. Ұлттық құраманың қыздары жалпыкомандалық есепте І орын иеленді.

Жерлесіміз Аяжан ақтық бәсекеге дейін Тайпей және Үнді үнді спортшысымен жұдырықтасқан еді.

– Жартылай финалда Үнді спортшысымен жұдырықтастым. Жекпе-жек мен үшін қиынға соқты. Ыңғайсыз әрі епті қарсылас еді. Дегенмен, оны 4:1 есебемен жеңдім. Ал, финалда өзбек спортшысымен кездесіп, жеңіске жеттім. Ақтық бәсеке де мен үшін қиын болды, — деді Аяжан Ермек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button