Шет

Ауылдағы бағалы бастама

Қалың елдің бір-біріне қамқор пейілі мен ізгі ниеті айғақталар тұста Шет ауданы, Кеншоқы ауылының белсенді азаматтары бағалы бастама көтеріп, жұртшылықтың көңіліне қонымды шаруа атқаруға кірісті.

Бірі бастап, екіншісі қоштап, елдік мұрат жолындағы ілкімді істі қолға алғандар өз қалталарынан қаржы шығарып, ауылдағы көпбалалы 5 отбасына азық-­түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жеткізіп берді.

– «Біз біргеміз!» акциясы адамгершілік ұстаным ұлағатының үлгісі – дейді бастамашыл топ мүшелері. Ел бойынша төтеннен келген індетке байланысты төтенше жағдай енгізілген шақта төңірегімізге назар аударып, ауылдастарымыздың қажетін шығару – азаматтық парыз. Акция алдағы уақытта да жалғасын табады. Соның аясында көпбалалы отбасыларынан тысқары, аз қамтамасыз етілген тұрғындар мен жұмыссыз жастардың жағдайына көңіл бөлінетін болады.

Өз тілшімізден.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button