Спорт

Ауыл жастары күш сынасты

Шет ауданы, Ақадыр кентінде облыстық Jas Fund жастарды қаржылай қолдау қоры пауэрлифтинг пен стрит-воркауттан ашық біріншіліктің өтуіне демеушілік жасады. Пауэрлифтинг бойынша өткен ашық біріншілікке 80-ге жуық, стрит-воркаутқа 100-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушылардың ең жасы тоғызда болса, ересегі – 18 жаста.

Суреттер: облыс әкімдігінің сайтынан

Пауэрлифтингтен өткен турнирді жатып сығымдап көтеру бойынша халықаралық дәрежедегі Еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін әлем чемпионы, алты дүркін Азия чемпионы және жергілікті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Абдулкәрім Қараман ұйымдастыруға тікелей өзі атсалысқан.  

– Ақадырда пауэрлифтингтен ашық біріншілік өткізу – менің мақсатым еді. Ауылда көптеген спорт әуесқойлары бар. Олардың қатары көбейгенін қалаймын. Jas Fund-тың қаржылық қолдауы болмаса, мен өз мақсатымды іске асыра алмас едім. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды. Қос аталым бойынша 27 адамды марапаттадық, – деді Абдулкәрім Қараман.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button