Ауыл – ел бесігіЖаңалықтар
Ауыл тұрғындарына бизнес ашуға несие беріледі
Ауыл тұрғындарына бизнес ашуға 2,5%-бен несие беріледі. Тұрғындар микронесиелерді 2023 жылдың бірінші тоқсанынан бастап ала алады.
Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5%, мерзімі 7 жылдан аспайтын, кепілмен қамтамасыз етілген. Несиенің ең жоғары сомасы – 2,5 мың АЕК (шамамен 7,9 млн теңге), ірі кооперацияны дамыту үшін – 8 мың АЕК (шамамен 25,4 млн теңге).
«Несие қаражатын беру операторларын жергілікті жердегі әкімдіктер мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарламасында.