АймақҚарқаралы

Ауыл шаруашылығы – салмақты сала

Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасының драйвері. Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Агроөнеркәсіптік кешен экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс» деген болатын. Осыған орай, Қарқаралы ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.

Аудан экономикасының 70%- ын құрайтын ауыл шаруашылығы саласында, жылма-жыл мал басы мен одан алынатын өнімдердің өсімі байқалуда.

Ірі қара – 95,5 мыңды, жылқы – 4,2 мың басты, қой мен ешкі – 137,5 мың, құс 58 мың басты құраған. Ауыл шаруашылығы тауарын айналымға шығарып отырған 777 өндіруші бар.

Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, қажетіне жаратқан шаруашылықтар қатары да күн санап артып отыр. Өткен жылы 380 шаруашылық құрылымына 383,3 млн. теңге көлемінде субсидия төленді. Нәтижесінде, селекциялық жұмыстар жүргізіліп, мал басы асылдандырылды. Сонымен қатар, ауданда кооператив шаруашылығын дамыту да дұрыс жолға қойылған. Мәселен, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы М.Мамыраев ауылдық округінің «Сары Арқа» шаруақожалығы сүт тауарлы ферма құру үшін 71 млн. теңге, Н.Әбдіров ауылдық округінің «Атамекен» шаруа қожалығы 107,5 млн. теңге несие алып, асыл тұқымды сүтті сиырлар сатып алды.

«Қарқаралы» несие серіктестігі арқылы шаруақожалықтары мыңнан астам қой сатып алу жұмыстарымен айналысуда.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы шаруақожалықтар 76,1 млн. теңге көлемінде несие алып, 42 бас ірі қара, 117 бас жылқы сатып алды.

Тәттімбет ауылдық округінің «Арқалық» ауыл шаруашылық тұтыну кооперативі 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Жыл ішінде ауданның 237 шаруақожалықтары асыл тұқымды ірі қара, күн сәулесінен қуат алатын қондырғылар, 141 ауыл шаруашылығы техникаларын алып, 2 млрд. теңгеден астам инвестиция құйған.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button