Бас тақырыпЖаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді

Қарағандыда мамыр айының әр сенбісі сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің шағын жәрмеңкелері өтеді. Жәрмеңкелерде ет, сүт өнімдері, шұжық, жұмыртқа, бал сынды ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылады.

Сурет: gov.kz

Жәрмеңке өтетін жерлер:

– Оңтүстік-Шығыс – “Global City” фермерлік орталығы, 134 есептік квартал, 921 құрылыс;

– Майқұдық – «Ұмай» СҮ, Карл Маркс көшесі, 9;

– Пришахтинск – «Молодежный» мәдениет сарайының алдындағы алаң, Металлистер көшесі, 24/2 құрылыс.

Сауда сағат 09:00 –де басталады деп жоспарлануда.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button