Жаңалықтар

Ауласын қардан тазартпағандарға айыппұл салынуда

Қарағанды облысы жергілікті полиция қызметі басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері көше және жол желілерін абаттандыру мен тазалау шараларына тексеріс жүргізуде. Бұдан былай жолды күтіп ұстау ережесін бұзғандарға 1,5 млн. теңге айыппұл салынады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: polisia.kz

Бүгінге дейін қалалар мен аудан орталықтарында 120 тексеріс жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде жол-коммуналдық шаруашылық органдарының басшыларына 112 нұсқама берілді. 37 уәкілетті және заңды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы (Тас жолдарда жұмыстарды орындау, тас жолдарын, темір жол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеріс барысында екі заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігінің (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарының қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау, қаулыларды, нұсқауларды орындамау және басқа да талаптар) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бүгінгі күні мердігерлер авторейдерлер мен химиялық реагенттер көмегімен қар үйінділерін жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар «Абаттандыру» профилактикалық іс-шарасы аясында учаскелік инспекторлар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, жеке сектор тұрғындарына қар тазалау және абаттандыру ережелерін сақтау қажеттігі ескертілді. 703 жазбаша ескерту жасалып, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 1563 әкімшілік хаттама толтырылды. Бірнеше рет заң бұзушылыққа жол берген бес кәсіпкерлік субъекті басшысы жауапкершілікке тартылды.

Теміртаудағы дәмханалардың бірінің иесі аумақты қардан тазартпаған. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, Қарағандыда бильярд клубтарының бірінің аумағында қар тазаланбаған фактісі анықталды. Иесіне ҚР ӘҚБтК 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша жауапқа тартылды.

Басқа материалдар

Back to top button